Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ӘР ШАҢЫРАҚҚА БАҚ-БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.05.2022 2268 0 пікір
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ӘР ШАҢЫРАҚҚА БАҚ-БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің барша мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Бұл – адамзатты қайырымдылық пен мейірімділікке шақыратын, өзара көмек пен жанашырлықты дәріптейтін мейрам. Шын мәнінде, айт кезінде күллі мұсылман қауымы бір-біріне ақжарма тілегін арнауға, айналасына жылу сыйлауға және қамкөңіл жандарға қамқорлық танытуға асығады. Бүкіл әлем аумалы-төкпелі күйге түскен қазіргідей кезеңде мұндай құндылықтардың маңызы зор. Сондықтан айт мейрамының мәні де, мазмұны да ерекше.

Сіздерді қасиетті мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақ-береке, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Отыз күн бойы ауыз бекітіп, ораза тұтқан жандарға ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Ораза айт құтты болсын!» деді Сенат Төрағасы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру