Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Қажылық бөлімі muftyat.kz 02.05.2022 4380 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ МАУСЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ ғимаратында биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың және туроператорлдардың қатысуымен арнайы жиын өтті. 

Жиынға ҚМДБ, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің, Сыртқы істер министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің жауапты басшылы, сондай-ақ биылғы қажылық маусымында қажылық орындарын алған 14 туроператорлардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиында сөз бастаған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы қажылықтың адамның тақуалығын күшейтіп, шыңдай түсетін құлшылық екенін айта келіп, оның мұсылмандар өміріндегі орнына тоқталды.

«Алланың қалауымен ұлы сауапқа толы қажылық сапарына биыл жол ашылды. Себебі әлемдік пандемияға байланысты екі жыл қатарынан қажылық сапары болмаған еді. ҚМДБ биылғы қажылық рәсіміне қызмет етуге үміт білдірген туристік фирмалар арасында арнайы конкурс жариялады. Осы конкурс негізінде 14 туроператорға қажылық орны бөліп берілді. Ендігі міндет – 2022 жылғы қажылық маусымын отандастарымыз үшін өте қолайлы етіп ұйымдастыру» қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстандықтар үшін қажылық бағасы жылдан жылға қымбаттап бара жатқандығы, жыл сайын қажылық бағасын көрші елдермен салыстырған халық қажылық бағасына риза еместігін білдіретіндігін сөз етті.

Осы орайда, жиынға қатысушылардан 2022 жылғы қажылық бағасын барынша арзандатудың жолдарын ұсынуды сұрады.

Өз кезегінде Дін істері комитетінің өкілі еліміздегі қажылық бағасының халықтың көңілінен шықпайтындығына алаңдаушылық білдіріп туроператор жетекшілерінен себеп-салдарын сұрады.

2022 жылы қажылық құлшылығын ұйымдастыруға мүмкіндік алған 14 туристік фирма еліміздегі қажылық бағасының жоғары болуының себептеріне қатысты ұсыныс-талаптарын жеткізді. Атап айтқанда туроператорлар қажылық бағасының қымбат болуының басты себептерінің бірі чартерлік әуерейстердің бағасының жоғары болуын хабарлады.

Жиынның қортындысы бойынша биылғы қажылық маусымында қажылық бағасын барынша арзандату мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы Сауд Арабиясы тарапымен қажыларды тасымалдауда рейстік ұшақтарға рұқсат алу және әуе тасымалына еркін таңдау беру секілді шаралар төңірегінде келіссөздер жүргізіп, жұмыстану ұсынылды. 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру