Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

ummet.kz 28.04.2022 2964 0 пікір
«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАТАСЫ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Қасиетті Қадір кешінде құптан намазы таяған уақытта елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне ағылған халық қарасы көп болды.

Қадір түніне жиылған мұсылман қауымы жамағатпен құптан және тарауық намаздарын оқып, қасиетті Рамазан айы бойы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы Нұриддин Абдусамадұлы мен қарилар Қайырбай Даукен, Алижан Батыржанұлы оқыған Құран хатым аяқталып, қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы Құран хатым батасын жасап, жамағатқа Бас мүфтидің құттықтау сәлемін жеткізіп, Қадір түнінің қасиеті жөнінде насихат айтты. Қариларға лайықты құрмет көрсетіліп, иығына шапан жауып, мешіт ақсақалы ақ батасын бергеннен кейін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов көпшілікке Қадір түнін құлшылық-ғибадатпен қалай өткізу керектігін, Ислам дінінің құңдылықтарын жан-жақты түсіндірді. Бұдан кейін Қадір түніне арнайы құрылған бағдарлама бойынша мешіт имамдары келген халыққа уағыз-насихатын жүргізді. Жамағатпен оқылған үтір намазынан кейін мешітке жиылған көпшілікке сәресі үлестірілді. Таң намазы оқылғаннан кейін мешітте Қадір түнін қарсы алған жамағат үйлеріне тарасты. Жұртшылық «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылық білдіріп, имамдарға алғыс айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру