Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕ «УАҚЫП ҚОРЫНЫҢ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 20.04.2022 2311 0 пікір
СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕ «УАҚЫП ҚОРЫНЫҢ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы іс-сапармен Семей өңіріне келіп, уақып жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ардақ Нүсіпханұлы Семей өңіріне қарасты қала, қала маңындағы аудан имамдарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында сұхбат өткізді. Көшпелі насихат жұмысында имамдарға уақыптың негізгі мақсаттары кеңінен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, Ардақ Нүсіпханұлы жамағатты жақсылық жасауға шақырып:

«Жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік сөздерін жиі естиміз. Жақсылыққа бала жастан үйретеміз. Жасынан жамандық жасамауға, әркімге көмектесуге, жақсылық жасап жүруге, мейірімді болуға үйренген бала есейгенде де жамандыққа бара қоймасы анық. Мұндай тәрбие ата-ананы баласы есейгенде ұялтпайды, қоғамда жақсы адамдардың санын арттырады» дей келе, Құран аяттары мен Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  хадистерінен мысалдар келтірді. Сұхбат соңында Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы Ардақ Нүсіпханұлына алғысын айтып, қариялар ақ батасын берді.

Сонымен қатар іс-сапар барысында көпшіліктің сұранысымен «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жобасы таныстырылды.

«Діни басқарманың басымдық беріп отырған бағыттарының бірі – жерлеу рәсімдері мен ас беру мәдениеті. Бүгінде осы бағыттағы іс-шараларды шариғат талаптарына сай, дәстүрмен сабақтастырып атқарып отырған және оны іске асыруды насихаттау барысында табандылық танытып жамағат арасында насихатталса» деді Ардақ Нүсіпханұлы.

Сондай-ақ «Уақып» қорының басқарма төрағасы мәйіт сақтайтын орындардың талапқа сай болуы, қосымша қызметтері жайында тілге тиек етіп, дін қызметкерлеріне ақыл-кеңестер мен қажетті нұсқамалар берді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру