Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ХАМЛЕ» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ (ФОТО)

halaldamu.kz 19.04.2022 3166 0 пікір
«ХАМЛЕ» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ (ФОТО)

Еліміздегі алпауыт өндіріс орындарының бірі «Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС кондитерлік кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

Аталған кәсіпорынның «Хамле», «Ulker», «McVitie’s Digestivies», «Alpella» сауда белгісімен шығарылатын 103 түрлі кондитерлік ұн және шоколад өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды.

«Хамле Компани ЛТД «ШК» кәсіпорнын сертификаттау мақсатында бірнеше ай бойы екі жақты бірлескен шаралар жүргізілді. Шикізаттары мен тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізіліп, өндіріс аумағында аудит жұмыстары орындалды. Өнім өндіру, өңдеу технологиясы, дайын өнімдерді сақтау, тасымалдау, сату  кезеңдері де қарастырылып, нәтижесінде шариғат және халал стандарты талаптарына қайшы жағдайлар анықталмады. Толыққанды тексеріс шараларының оң қорытындысынан кейін «Хамле Компани ЛТД «ШК» кәсіпорнына сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды» дейді сертификаттау шараларын жүргізген технолог маман Жаннат Ахметқызы.

Айта кетейік, «Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС-ына берілген «QMDB Halal» сертификаты 15.04.2022-14.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру