Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «АЙЮБ СҰЛТАН» КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.04.2022 2316 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «АЙЮБ СҰЛТАН» КЕШЕНІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласында өткен халықаралық конференциядан соң Түркітілдес елдер мүфтилерімен бірге «Айюб сұлтан» кешенін зиярат етті.

ҚМДБ Төрағасы Ислам тарихында айрықша орны бар саңлақ сахаба Әбу Айюб әл-Ансаридің рухына құран бағыштап, дұға қалды.

Сұлтан Айюб Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көршісі болған. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Константинополь (қазіргі Стамбұл) бір күні азат етіледі. Оны алған әскербасы қандай жақсы әскербасы, оны алған әскер қандай жақсы әскер!» деген сөзіне амал етіп, сол әскердің құрамында болуды үміт еткен. Жасы 80-ге таяған уақытында Константинопольді бетке алған әскер құрамында болып, дүние салып, осы қаланың түбінде жерленген.

Кейін Сұлтан Айюб жерленген жерге мешіт тұрғызылып, мұсылмандардың қасиетті орнына айналды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру