Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.04.2022 3243 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласында өткен халықаралық конференциядан соң Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әмреевпен кездесті.

Кездесуде алдағы мамыр айында Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттердің бас мүфтилерінің алқасының отырысы пысықталып, алқаның ережесі мен маңызы сөз болды. Бағдат Әміреев Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, ҚМДБ қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың ерен үлгісін көрсетіп, бауырластық байланысты жоғары деңгейге көтергенін атап өтті. Түркітілдес мемлекеттердің бас мүфтилерінің алқасы өз қызметінде Түркі мемлекеттері ұйымының тәжірибелерін ескерусіз қалдырмайтынын алға тартты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру