Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ПАВЛОДАРДА «УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 14.04.2022 2915 0 пікір
ПАВЛОДАРДА «УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы іс-сапармен Павлодар облысына келіп, өңір имамдарымен жүздесті.

Ардақ Нүсіпханұлы Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында сүбелі сұхбат өткізді. Көшпелі насихат жұмысында имамдарға уақыптың негізгі  мақсаттары кеңінен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. 

Сондай-ақ басқарма төрағасы жергілікті кәсіпкерлермен де кездесіп, уақыптың пайдасы мен  сауабы туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан мысал келтіре отырып түсіндірді.

Одан кейін Ардақ Нүсіпханұлы Павлодар өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарасына қатысып, мұқтаж 160 отбасыға азық-түлік пакеті үлестірілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру