Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

РАНТ МҮШЕСІ – АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 13.04.2022 3039 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысының имамдарына «Зекет жинаудың заманауи тетіктері» тақырыбында семинар өткізді.

Облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйытқы болуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен семинарға аймақтың қала және аудандардың дін қызметкерлері қатысты.

Мақсатбек Қайырғалиев семинар барысында зекет берушілермен кері байланыс жолдарына тоқталды. Сонымен қатар PR әрекеттер алгоритмін атап өтті. Одан өзге сарапшы еріктілермен тығыз жұмыс мәселесін де тілге тиек етті.

Шара қорытындысында тақырып  аясында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әдістемелік нұсқаулық көрсетілді және семинарға қатысқан имамдарға сертификат табысталды.

Бұдан кейін РАНТ мүшесі «Nurgasyr.kz» медиа студиясында қонақ болып, сұхбат берді. «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында Ақтолқын Тажиковаға «Зекет – бес  парыздың бірі» тақырыбында, ал «Зекет және қайырымдылық қорының» аймақтағы жауапты өкілі Алмат Әлиге «Рамазан – қайырымдылық айы» тақырыбында сүбелі сұхбат беріп, зекет және қайырымдылық  т.б аясында сұрақтарға тұшымды жауап берді. 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру