Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАРИЯЛАРҒА АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

muftyat.kz 11.04.2022 3183 0 пікір
ҚАРИЯЛАРҒА АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторына қарасты «Әс-сәләм» еріктілер тобы қарттар үйіндегі ораза ұстаушы қарияларға арнайы ауызашар дастарханын жайды.

Ауызашарда Уағыз насихат бөлімінің маманы Думан Сайфулла және Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы қасиетті айдың шарапаты жөнінде уағыз-насихат айтты. Қасиетті Құран аяты оқылып, дүниеден өткен марқұмдарға дұға бағышталды.

Шара соңында қарияларға Рамазан сыйлықтары үлестіріліп, қарттар үйіне арналып теледидар табысталды. Игі шараға ризалық танытқан қариялар алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру