Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.04.2022 3471 0 пікір
ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Дін мен дәстүр» залының ашылуына қатысты.

Діни басқарма мен Ұлттық кітапхананың бірлескен жобасы дін мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған. Іс-шараға сондай-ақ жазушы Смағұл Елубай, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы мен Алматыдағы зиялы қауым өкілдері, әжелер мен жастар қатысты.

«Мінеки, айлардың сұлтаны Рамазанда игі бастаманың куәгері болып отырмыз. Ғасырға жуық тарихы бар Ұлттық кітапханада «Дін мен дәстүр» залы ашылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмыстың негізгі жеті бағытының бірі ретінде дін мен дәстүрге ерекше назар аударып келеді. Білім мен тәрбие дінімізде де, ұлттық дүниетанымымызда да маңызды орынға ие. Бүгін Діни басқармаға қарасты «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген рухани-танымдық кітаптарды арнайы әкеліп отырмыз. Осы зал Ұлттық кітапханаға келуші оқырман қауым жиі бас сұғатын, рухани тәлім алып шығатын орынға айналсын. Дін исламмен үндескен дәстүріміз дәріптеліп, ғұрпымыз жаңғыра бергей» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Дін мен дәстүр» залының ашылу рәсімінде Айсұлтан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

«Дін мен дәстүр» залының ашылуына қатысқан зиялы қауым өкілдері игі бастамаға сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру