Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ СЫРҚАТ СӘБИЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 01.04.2022 2795 0 пікір
«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ СЫРҚАТ СӘБИЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» корпоративтік қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық-ғылыми медицина орталығында қайырымдылық шарасын өткізді.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында орталыққа 5 мүгедектер арбасы, 10 дана балдақ, 4 алғашқы медициналық қобдиша мен 3 дана лампа, сондай-ақ тағы да басқа медициналық құрал-жабдықтар табысталды. 

«Жомарттық пен жанашырлықтың көркем үлгісіне куә болатын мүбәрак айға да келіп жеттік. Берекелі ай қарсаңында аналар мен балаларды қолдау мақсатында осы қайырымдылық шарасын өткізіп отырмыз. Игі іске атсалысқан, демеушілік жасаған азаматтарға Алла Тағала разы болып, ниеттерін қабыл етсін. Ақ халатты абзал жандардың қызметіне жеңілдік, береке тілеймін» деді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру