Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«УАҚЫП» ҚОРЫ МЕНШІГІНЕ САЯЖАЙ РӘСІМДЕЛДІ (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 31.03.2022 2744 0 пікір
«УАҚЫП» ҚОРЫ МЕНШІГІНЕ САЯЖАЙ РӘСІМДЕЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ «Уақып» қорының меншігіне саяжай рәсімделді. Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан саяжай тоқтаусыз сауап болсын деген ниетпен Ахметұлы Темірбек марқұмның атынан берілді. 

Қызметтік сапар бойынша Қарағанды қаласына атбасын бұрған «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбай мен «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлымен кездесіп, қажетті құжаттарға қол қойды. 

Кездесу барысында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы ҚМДБ бөлім басшыларына саяжайды таныстырды.

Айта кетейік, саяжайда егін егуге арналған 6 сотық жер мен 2 қабатты тұрғынүй орналасқан. Алдағы уақытта, осы жерден өсіп шыққан өнімдер қайырымдылық мақсатында таратылады.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру