Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ДОСЖАН ХАЗІРЕТ КЕСЕНЕСІНДЕ БАБА РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.03.2022 2962 0 пікір
БАС МҮФТИ ДОСЖАН ХАЗІРЕТ КЕСЕНЕСІНДЕ БАБА РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Досжан ишан Қашақұлының кесенесіне зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Айта кетсек, Хазірет Досжан ишан Қашақұлы (1815-1890) – діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері. Азан шақырып қойылған есімі – Досмұхаммед.

Ол XIX ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдина шаһарларына қажылық парызын өтеу сапарларына мұрындық болған. Қазақ шежіресіне қатысты деректер жинаған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру