Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ҚОС ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.03.2022 2875 0 пікір
«ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ»: ҚОС ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған баспанаға аса мұқтаж екі отбасыға пәтер кілтін табыстады.

Наурызбай қажы Тағанұлы үй иелерін қуанышымен құттықтап: «Алла Тағала үйлеріңізді берекеге толтырып, қуаныштарыңызды еселесін. Қоныс құтты болсын. Осы үйден елімізге қызмет ететін тұлғалар шығуын нәсіп етсін!» деді.

Айта кетсек, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген 531, 532-баспана Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғындары – жеті баланың анасы, жалғызбасты Гүлшат Қазбекқызы мен Венера Талғатқызына бұйырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру