Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.03.2022 2119 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен облыстық турнир жеңімпаздарын марапаттады.

«Діни басқарма әрқашан салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Халқымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп текке айтпаған. Денсаулық –Алланың аманаты. Ал аманатқа қиянат жасамау – мұсылманның міндеті. Бүгінгі турнир жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Төрешілердің шешімімен «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы бойынша Жалғас Абдухан, «Ең жас балуан» номинациясы бойынша Мерей Тайған, «Үздік әдіс» номинациясы бойынша Еламан Қойшыбаев жеңімпаз атанды.

Қазақша күрестен өткен турнир қорытындысы бойынша бірінші орын Азат Қуановқа, екінші орын Еламан Қойшыбаевқа бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынға Көбеген Айдосұлы ие болды. Бас мүфти жеңімпаздарды қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Айта кетсек, облыстық турнир «Ақтөбе» медресе-колледжінің спорт кешенінде өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру