Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.03.2022 2594 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе қаласында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді.

Дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы насихат айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бүгінгі таңда дінді дәстүрсіз, дәстүрді дінсіз көзге елестету мүмкін емес. Себебі күнделікті ісіміз, әрбір тіршілігіміз Ислам дінімен астасып жатыр. Дін мен дәстүрдің тығыз байланысын көрсететін мақал-мәтелдеріміз өте көп. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сөзінде тұрмау мұнафықтың (екіжүзділік) белгісі» десе, халқымыз «Уәде – Құдай аты», «Ынтымақ – ырыс қазығы, уәде – жанның азығы», «Мақал – сөздің атасы, уәде – ердің опасы» дейді. Негізі хадистен алынған, бүгінде мақалға айналған қанатты сөздеріміз аз емес. Алла Тағала баршамызға дініміз бен дәстүрімізге сай өнегелі өмір сүруді нәсіп етсін!» деді.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти еліміз бен жеріміздің игілігі үшін дұға жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру