Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.03.2022 2325 0 пікір
БАС МҮФТИ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ (ФОТО)

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Аяла» балаларды қолдау орталығында болып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.

Балаларға киім-кешек пен сыйлық үлестірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Балаға қамқор болып, қолдау көрсету – біздің асыл міндетіміз. Сіздер ертең-ақ үлкен азамат болып, еліміз бен жеріміздің игілігі үшін қызмет ететін боласыздар. Ол үшін бүгін жақсы білім мен тәрбие алуларыңыз керек. Мұғалім мен тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдап, бір-біріңізге жақын бауыр болып өссеңіздер үлкен жетістікке жетесіздер. Алла Тағала сіздерге жар болсын!» деді.

Айта кетсек, бүгінде «Аяла» балаларды қолдау орталығында отызға жуық  бала тәрбие алуда.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру