Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАИБ МҮФТИ «ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

muftyat.kz 17.03.2022 2220 0 пікір
НАИБ МҮФТИ «ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Астана Суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» тақырыбында көрме өткізді.

Аталмыш шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, сондай-ақ Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түркияның, Әзербайжанның, Қырғызстанның және Грузияның Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктері қатысты.

Көрменің ресми бөлімінде наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы: «Баршаңызды жыл басы, күллі түркі жұртының дәстүрлі мерекесі – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп, бір-біріне ізгі тілектерін білдіретін, барша адамзатты бауырмалдық пен татулыққа үндейтін осынау шуақты мерекеде әр отбасыға Алланың амандығы мен берекетін, бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін.

Наурыз – бағзы заманнан бері ұлт ретінде ерекше мән беріп келе жатқан ұлттық мерекеміз. Бұл күнде дуалы ауыз ақсақалдар дастархан басында бата беріп, ренжіскендер кешірім жолын ұстанып, татуласу сынды сауапты һәм салауатты шаралар біріне-бірі ұласып жатады. Алла Тағала қуанышты күндерімізді еселесін» деген ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, көрменің мақсаты – мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын, толеранттылық қағидаттарын, сондай-ақ қоғамдағы рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтарды ілгерілету.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру