Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТЕДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.03.2022 3214 0 пікір
ҚМДБ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында 15 наурыз күні «Жалынды жастар ынтымағы» атты республикалық жастар форумын өткізеді.

Форумның мақсаты – еліміздегі жастардың ынтымағын арттырып, жаңа Қазақстанның іргетасын қалауға өз үлесін қосу. Сонымен бірге жастардың ынтымағын арттыруға ықпал ететін коммуникациялық орта құру, жастардың өзін-өзі танытуына ықпал ету, олардың құзыреттілігі мен дағдыларының деңгейін арттыру, жастардың бойында патриоттық құндылықтар мен инновациялық ойлау дағдыларын қалыптастыру, адами капиталды арттыру.

Форум жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанатының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев, «Qazaqstan team» жастар ұйымының басшысы Олжас Сүлейменов, абайтанушы, «4 Даму» жобасының авторы Ернат Мелсұлы, IT маманы, блогер Тимур Бектұр, «Qsport» жобасының жетекшісі, кәсіби жаттықтырушы Жандос Абумуталифұлы және Жастар ісі секторының әр өңірдегі өкілдері, ерікті жастар қатысады. 

Сондай-ақ форум аясында 200-ге жуық қонақтың қатысуымен оффлайн форматта семинар-тренинг өтеді. Жастардың дәріскерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алуына мүмкіндік бар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру