Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫНА ИГІ ТІЛЕГІН ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.03.2022 2703 0 пікір
МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫНА ИГІ ТІЛЕГІН ЖОЛДАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумына ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин арнайы хат жолдады. Хатты ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес оқып берді.

«Бүгінгі жиынға қатысып отырған ақсақалдарымыздың барлығы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосты. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен көрген-білгендеріңіз жастардың ұлтжанды, мемлекетшіл болып өсуіне ықпал етеді.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан елдің алдында, көштің басында жүрген өздеріңіздей ақсақалдардан кеңес құрылғаны құптарлық бастама. Енді осы үрдіс елдің орталығымен ғана шектеліп қалмай, облыс, аудан, ауылдарда да жалғасын табуы керек. Бұл елдің бірлігін арттырып, ынтымағын еселей түседі деп сенемін.

Бүгінгі форум жұмысына сәттілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» делінген Мемлекеттік хатшының хатында.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру