Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ИМАН» МЕШІТІНДЕ ИГІ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.02.2022 3184 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ИМАН» МЕШІТІНДЕ ИГІ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында орталық «Иман» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы аясында өткен игі шараға қатысты.

Бас мүфти әуелі жас жұбайлардың некесін қиып, Исламдағы отбасы құндылығы, ер мен әйелдің міндеттері туралы насихат айтты. Сонымен қатар отбасы бақытын баянды етуге әсер ететін игі амалдар туралы әңгімелеп берді.

ҚМДБ Төрағасы игі шарада бүлдіршіннің тұсауын кесіп, батасын берді. Сондай-ақ жас жұбайлардың бақытты ғұмыр кешуін Алладан тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, Бас мүфти жыл басында Діни басқарма жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өткен болатын. Жеті бағыттың бірі – дін мен дәстүр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру