Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ БАЛАЛАР ҮЙІ БӨБЕКТЕРІНІҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.02.2022 2867 0 пікір
БАС МҮФТИ БАЛАЛАР ҮЙІ БӨБЕКТЕРІНІҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ (ФОТО)

Талдықорған қаласына іс-сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы «Малютка» балалар үйіне барды.

ҚМДБ Төрағасы бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, балалар үйінің қызметкері Жамал апаның тәрбиесіндегі Әмір мен Аяжан есімді балақайлардың тұсауын кесіп, батасын берді. Ата-анасыз қалған барлық балаларға базарлық таратып, қам-көңіл бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

«Мемлекет басшысы биылғы жылды Балалар жылы деп жариялады. Осы жыл аясында балаларға айрықша қамқорлық жасалады деп күтілуде. Мемлекетіміз балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге де қолдау білдіріп келеді. Ана-анасынан айырылған балаларды тәрбиелеу оңай емес. Оларға ерекше қамқорлық қажет. Шариғатымызда жетім баланы тәрбиелеген жанның алар сыйы жәннат екені айтылған. Сондықтан Алла Тағала сіздердің қажырлы еңбектеріңізге береке берсін! Осы үйде тәрбие алып жатқан балалар иманды, ибалы азамат болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти «келешегіміз берекелі болсын десек, балаларымызға дұрыс тәрбие беру керек» дей келіп, балалар үйінің барша қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру