Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ИСЛАМ – ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.02.2022 3603 0 пікір
ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ИСЛАМ – ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, бірлік пен ынтымақ тақырыбында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров және елімізге белгілі дінтанушы ғалымдар қатысып, дін мен дәстүр, дінаралық келісім және қоғамдық тұтастық тақырыптарында баяндама жасамақ.

Айта кетейік, оффлайн және онлайн форматтағы конференция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі аясында жарияланған «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында өткізіліп отыр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру