Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНИ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ» ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.02.2022 4389 0 пікір
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНИ СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ» ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ (ФОТО)

Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» кітабының танытымы өтті.

Жинақтың танытымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.

«Тәуелсіздіктен кейін шыққан діни әдебиеттерде, аудармаларда, ғылыми еңбектерде, әлеуметтік желілерде, тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақұлдауымен жарыққа шыққан еңбектер мен ҚМДБ-ға қарасты сайттарда да діни сөздердің, терминдердің жазылуында бірізділіктің жоқ екендігі байқалып тұрады. Әсіресе, діни еңбектерді аударма жасағанда араб, түрік, парсы, орыс тілдерінің ықпалы көрініс беріп жатады. Осыны ескеріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақ тілінің ережелеріне сай дін саласындағы сөздер мен терминдердің жазылуын бірізге түсіру үшін діни сөздер мен терминдерінің орфографиялық сөздігін құрастыруды қолға алды. Бұл қазақ тіліндегі діни сөздердің алғашқы орфографиялық сөздігі деп айтуға болады», – деді Бас мүфти.

Сөздікте қазақ мәтіндеріндегі діни сөздер мен сөз тіркестерінің және діни терминдердің дұрыс жазылу емлесі көрсетілген. Сөздіктің негізгі мақсаты – ислами дискурстағы және жалпы әдеби тіл мәтіндеріндегі діни сөздердің дұрыс жазылу нормасын көрсету. Діни сөздердегі араб тіліне тән кей әріптердің жазылуына қатысты ескертулер жеке ереже ретінде берілді. Сондай-ақ сөздікті құрастыруда қазақ тіліндегі 500-ден астам діни және әдеби еңбектер, оқу құралдары, монографиялар, ғылыми мақалалар, БАҚ материалдары, діни ресми сайттар пайдаланылды.

«Қазақ тіліндегі діни сөздер мен терминдердің орфографиялық сөздігі» жинағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау коммиссиясының мақұлдауынан өткен. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ғалымдар кеңесінің №16 хаттамасымен баспаға ұсынылған. Сөздіктің құрастырушысы және редакторы – филология ғылымдарының кандидаты Рашид Мұхитдинов, жауапты редакторы – фиолология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдеринова.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру