Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ШАРИАТ В ТАБЛИЦАХ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.02.2022 2821 0 пікір
«ШАРИАТ В ТАБЛИЦАХ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде «Шариат в таблицах» кітабының танытымы өтті.

«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптың танытымына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.

Кітапта Ислам діні мұсылмандарға міндеттеген ғибадаттардың Ханафи мәзһабына сай оқылуының қысқаша анықтамалығы берілген. Кітап намаз, ораза, зекет және қажылыққа қатысты барлық мұсылман үшін маңызды сауалдардың жауабын кесте түрінде беруімен ерекшеленеді.

«Шариат в таблицах» кітабы Марғинани, Қудури, Маусыйли, Шурунбуләли, Көккөзи сынды белгілі Ислам ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп дайындалған. Кітапты құрастырып, баспаға әзірлеген – исламтанушы Аңсаған Абдрахман.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру