Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АТБАСАР ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.02.2022 3827 0 пікір
БАС МҮФТИ АТБАСАР ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Ақмола облысы Атбасар ауданында қарилар дайындайтын қайырымдылық мекемесі ашылды. Игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма делегациясы, сондай-ақ Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов пен ауыл ақсақалдары, шәкірттер қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған ізгі шарада Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа кешеннің ашылуымен барша жамағатты құттықтады.

«Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім дейді Абай. Біл деп бердім дегені білім алсын дегені. Медресе – баланың екі дүниелік білімді қатар игеруіне жол ашады. Діни біліммен сусындаған, медреседен білім алған кешегі Абай, кешегі Алаш арыстары қателескен жоқ. Рухани іліммен сусындап, дүниелік білімге жол ашты.

Дінімізде уақып деген ұғым бар. Бұл сауабы сарқылмас амал. Исламда сонымен қатар «садақа жария» деген ұғым бар. Мешіт, медресе, аурухана салу, көше, көпір салу, ауыз жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, жол салу, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер.  Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс. Бірақ сауабы үзілмейтін амалдың жөні бір бөлек. Бүгінгі медресе де – сондай сауабы сарқылмас орын. Алла Тағала осында ілім алған шәкірттерді ғалым етсін. Сауаптан жазсын!» деп Бас мүфти дұға жасады.

«Атбасар қарилар медресесі» қайырымдылық мекемесінде бір мезетте 40 шәкірт білім алады. Жатын орын, асхана, спортзал қажетті жабдықтармен қамтылған.

Айта кетейік, орталық жанында Атбасар мешіті орналасқан. Биыл бұл мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру