Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «БОЛАШАҚ» САРАЙЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.02.2022 3472 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «БОЛАШАҚ» САРАЙЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында сәулеті жағынан Қазақстанда теңдессіз саналатын «Болашақ» сарайының қазіргі тынысымен танысты.

1 100 адамға арналған, интеллектуалды даму және спорт блоктарынан тұратын кешенде бес бағыт бойынша 78 үйірме жұмыс істейді.

Озық ғылыми зертханалармен жабдықталған нысанда ІТ, биотехнология, робототехника тәрізді салалар қамтылған. Жаңа кешен жұмысымен таныстырған директор Айнагүл Қыдырбайқызы орталықтың мол мүмкіндіктерін қонақтарға арнайы көрсетті. Ал ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы аймақтағы балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап отырған бұл жобаның болашаққа бағытталған инвестиция деп атап өтті.  

Айта кетейік, орталық 2020 жылы пайдалануға берілген.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру