Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.02.2022 2810 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы бойынша арнайы жиналыс өтті.

Басқосуда Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің жұмыс есебі тыңдалды.

Алдымен бөлім қызметкерлерінің қаңтар айындағы жұмысы бейнеролик түрінде назарға ұсынылды. Одан кейін Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы бөлімнің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары мен айтулы іс-шаралар туралы баяндады. А.Қонарбайұлы алдағы уақытта ҚМДБ жанынан Бас редакторлар алқасын құруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Басқосуда Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрбек Есмағанбет те баяндама жасап, қоғаммен байланыс бағыты бойынша жоспарланған жұмыстар туралы мәлімет берді. Н.Әуесханұлы алдағы уақытта ҚМДБ жанынан Діни сарапшылар мен Рухани қоғамдық кеңес құру бағытында орындалып жатқан игі жобалар жайлы Бас мүфтиді хабардар етті.
Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма жұмысын насихаттауға сүбелі үлес қосып келе жатқан ақпарат саласының қызметкерлеріне алғыс білдіріп, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіре беру қажет екенін қаперге салды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру