Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ АЛМАТЫДА СЫНАҚ ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 16.02.2022 2831 0 пікір
ҚМДБ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ АЛМАТЫДА СЫНАҚ ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы жаңадан тағайындалатын дін қызметкерлерінің білім деңгейін тексеру сынағын жүргізді.

Бірер күн бұрын Алматы қаласы мен облысы, Талдықорған аймағы, Жамбыл облысына қарасты бірқатар мешіт имамдары мен дін қызметкерлерінің білім деңгейін анықтау мақсатында ҚМДБ сараптау бөлімі жұмысын бастаған болатын. Сараптау комиссиясы құрамында ҚМДБ Төрағасының орынбасарлары Сансызбай Құрбанұлы мен Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, сондай-ақ Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы бар.

Сынақ деңгейі сараптау комиссиясының талабына сәйкес ауызша сұрақ-жауап пен тестілеу әдісі бойынша жүргізілді. Ауызша сұрақ-жауапта қырағат, тәжуид, ислам тарихы, «Жеті рухани қазық» бойынша сауалдар қойылса, тестілеуде дін қызметкерлері ақида, фиқһ, әкімшілік жүйе (Заң) шеңберінде сынақ тапсырды.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша 13 дін қызметкері сынақ тапсырып, білім деңгейі анықталды. 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру