Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ЛИВИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.02.2022 2574 0 пікір
БАС МҮФТИ ЛИВИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ливияның еліміздегі Өкілетті Елшісі Муамер Мансурмен кездесті.

Кездесуде діни саладағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі сөз болды. Бас мүфти отандық діни кадрлардың сапасын арттыру мақсатында жуырда елордамыздан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығы» ашылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елшіні Діни басқарманың түрлі бағыттағы жұмыстары жайлы хабардар етті.

Басқосу барысында мәртебелі мейман Муамер Мансур арнайы қабылдап, сұхбаттасуға уақыт бөлген Бас мүфтиге алғысы мен жылы лебізін білдіріп, екіжақты әріптестік байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру