Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.02.2022 2656 0 пікір
БАС МҮФТИ ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қазасы қазақ әдебиеті үшін орны толмас қайғы болды. Барша қазақ жұртына, қаламгер қауымға, жазушының оқырмандарына, ағайын-туысы мен отбасына қайғыра көңіл айтамын.

Әбдіжәміл ағамыз қазақ прозасын биік белеске көтерді. Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты. «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді шығармалары арқылы тек қазақ жұртына ғана емес, адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеді. Оның шығармалары қазақ руханиятын толықтырып, баға жетпес мұраға айналды.

Әбдіжәміл ағамыздың тағылымды шығармалары мен тағдырлы өмір жолы баршамызға үлгі-өнеге, бағыт-бағдар болары анық. Алла Тағала қаламгер ағамыздың жанын жәннаттан еткей! Отбасы мен ұрпақтарына Алладан көркем сабыр тілеймін!» делінген көңіл айту жеделхатында.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру