Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 01.02.2022 5392 0 пікір
«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Зекет және қайырымдылық» қорының жаңа директоры тағайындалды.

«Қанат Қыдырмин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Діни басқармаға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Наурызбай қажы Тағанұлы Қанат Қыдырминді ҚМДБ ұжымына таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар қор қызметін жаңа деңгейге көтеріп, игі іс-шараларға ұйытқы болуды тапсырды.

Бас мүфти Қ.Қоянбекұлының діни саладағы тәжірибесі мен белсенді қызметі «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысына оң серпін беретініне сенім білдірді.

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру