Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ САРБАЗДАРҒА РУХАНИ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.01.2022 3444 0 пікір
БАС МҮФТИ САРБАЗДАРҒА РУХАНИ ТҰРҒЫДАН ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен игі-іс шараға қатысты.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері ыстық тамақ пен азық-түлік салынған себеттерді Нұр-Сұлтан-Қарағанды тасжолында орналасқан блокпосттағы сарбаздарға үлестірді.

«Мемлекетіміз елімізде болған жағдайды қалыпқа келтіру үшін қажетті шешімдер қабылдап, тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда. Біздің де аз да болса үлесіміз болсын деген ниетпен сарбаздарымызға ас-су әкеліп, оларға рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп жатырмыз. Алла Тағала еліміздің шетін жаудан, ішін даудан сақтасын» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, еліміздегі барлық мешіт имамдары блокпосттарда сарбаздарға ыстық тамақ пен азық-түлік үлестіруде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру