Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚТЫ САБЫРҒА ШАҚЫРДЫ (ВИДЕО)

Телеканал Хабар 24 05.01.2022 2870 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚТЫ САБЫРҒА ШАҚЫРДЫ (ВИДЕО)

Елдегі жағдайға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасап, халықты сабырға, бірлікке шақырды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрқашан халықпен бірге. Алла Тағала ауызбіршілігімізді нығайтып, халқымыздың арман-тілегін орындап, елдің амандығын, бірлігін нәсіп етсін!

Қадірлі ағайын! Біз әрқашан еліміздің амандығы мен келешегі үшін барынша аянбай халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет жасап келеміз. Алла осы қызметімізге береке берсін!

Әр қазақтың амандығы мен саулығы барлығымызға өте қымбат! Сондықтан елдің амандығы мен тыныштығын ойлайық! Жаратушы Алла Тағала елімізге құт-береке, ырыс-несібе дарытсын!» делінген Бас мүфти мәлімдемесінде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру