Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ 2021 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.12.2021 2579 0 пікір
ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ 2021 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ (ФОТО)

13-14 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің 2021 жылғы қорытынды мәжілісі өтті.

Кеңестің ХХХІІ мәжілісінде «Мүлікті банк арқылы сату» үкімі, «Алтын және күміс саудасына қатысты» үкім және «Салынғалы жатқан жылжымайтын мүлікті сату үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалар мәтіні қаралып, бекітілді. Сонымен қатар бірнеше концептуалды құжаттар да талқыға түсіп, қабылданды.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесі бүгінде пәрменді институтқа айналды. Мұнда шариғатымыздың негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымы арасында туындаған көкейкесті, түйткілді діни мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды.

Қорыта келгенде, 2021 жылы кеңес жұмысында 23 пәтуа, 2 құжат пен 2 ғылыми жоба бекітіліп, 2 мәлімдеме жарияланды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру