Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ТОП ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.12.2021 2967 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ТОП ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқармаға арнайы келген Ақмола облысының бір топ жамағатымен кездесті.

Іс-шараны ҚМДБ Ақмола облыстық өкілдігі мен «Зерделі ұрпақ» жастар ұйымы ұйымдастырды.

Бас мүфти кездесу барысында бауырларымызға Қазақстандағы дәстүрлі Ислам және Ихсан ілімінің маңызы туралы насихат айтты.

«Қазақ халқы қашан да бірлікті басты орынға қоя білген. Ел арасында «бірлігі күшті ел озады», «бірлік болмай, тірлік болмас» деген қанатты сөздер кең тараған. Бұл мақалдар қазір де маңызын жойған жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін жамағатпен бірге болуға шақырған. Алла Елшісі: «...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп өсиет қалдырған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресінде: «...Бөлінбеңдер» деп әмір еткен. Исламды ұстанған ата-бабаларымыз қашан да ынтымақ пен береке-бірлікті ту еткен. Ал бүгінгі ұрпақтың еншісіне осынау үрдісті жалғастыру ғана қалып отыр» деді Бас мүфти.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы қонақтарға «Muftiyat» баспасында жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тарту етті.

Сондай-ақ қонақтар Діни басқарма ғимаратын аралап, бөлім жұмыстарымен танысты. Мүфтият және оның қызмет барысы жайлы ақпарат алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру