Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КОНЬЯДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.12.2021 2991 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КОНЬЯДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында Конья қаласында түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.

Ең алдымен Бас мүфти әрбірімен жеке танысып, рухани бағыттағы насихатын жеткізді.

«Жастық шақ – ең бір сәулелі сәт. Білім іздену, шетелде тұру тартымды көрінеді. Дегенмен туған елден жырақтап кету де оңай емес. Білім іздену жолында қиындыққа қарамай, күні-түні оқу арқылы ғана белгілі бір дәрежеге жетесіздер. Ең бастысы алған білімдеріңізді туған елдің дамуына, ата дініміздің өркендеу жолына жұмсау нәсіп болсын. Біз биыл Ихсан ілімін насихаттауды қолға алдық. Оның түбі тереңде жатыр. Сондықтан шетте жүрген Сіздер ихсан іліміне сай бір-бірлеріңізге қолдау көрсетіп, қамқор болыңыздар. Алла қаласа алған ілімдеріңізді шәкірт тәрбиелеу жолында, Ислам дінінің насихаты жолында таратуға тырысайық» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ кездесу барысында наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы отанды сүю, ұлтқа қызмет, ата-анаға жақсылық турасында тұшымды тағылымын айтса, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы әрбір істегі ықылас, елге деген махаббат, бауырға қамқорлық жайында насихатын жеткізді.

Рухани кештің соңы білім алып жатқан шәкірттердің сұрақ қойып, пікір алмасумен аяқталды. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы «Муфтият баспасынан» жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие ілімі» кітабын шәкірттерге сыйға тартты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру