Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ КОНЬЯДАҒЫ ХАСЕКИ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.12.2021 3915 0 пікір
БАС МҮФТИ КОНЬЯДАҒЫ ХАСЕКИ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында Конья аймағында орналасқан Хасеки оқу ордасына арнайы келді.

Ағартушылық бағытты аса маңызды деп санайтын ҚМДБ оқу-ағарту саласын назардан тыс қалдырған емес. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ең алдымен Хасеки оқу орнының басшысы Хусейн Акынжы мырзамен кездесіп, шәкірттерді қабылдау, оның ішінде Коньяда білім алу жөнінде сұхбаттасты.

«Бізді ыстық ықыласпен қарсы алғаныңызға алғысым шексіз. Діни сенім мектебіміз бір, тіліміз ұқсас болғандықтан көптеген қазақстандық шәкірттер осы елге келеді. Өйткені біздің елімізде дін саласын оқимын дегендер үшін Хасекидің орны жоғары. Оның ішінде Коньядағы орталығына талас жоғары. Сондықтан қазақ балаларының да бір жерде шоғырланып, бір жерден білім алуына қолдау көрсетуіңізді сұраймын» деді Бас мүфти.

Өз кезегінде білім ордасына жауапты Хусейн мырза Қазақстаннан келетін әрбір шәкіртті қолдауға даяр екенін жеткізді.

«Қазақстаннан келетін әр шәкіртке есігіміз ашық, оларды қолдауға дайынбыз. Күні кеше ғана жасалған меморандум екі ел үшін табысты болмақ» деді Хусейн Акынжы.

Кездесу соңында Бас мүфти Хусейн Акынжыға атажұрттан арнайы апарған ұлттық нақыштағы кәдесыйын табыстады.

Айта кетсек осы уақытқа дейін Хасеки оқу орнын елімізден 89 шәкірт тәмамдап шыққан.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру