Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АНКАРА ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.11.2021 3281 0 пікір
БАС МҮФТИ АНКАРА ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына сапары барысында Анкара қаласында түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. 

Ең алдымен ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков шараның мәніне тоқталып, шәкірттерді таныстырып өтті. Рухани отырыста сөз алған Бас мүфти ҚМДБ-ның қазіргі жұмыс бағыты, қоғамдағы өзекті тақырыптар, жастарды алаңдатқан сауалдар төңірегінде шәкірттермен пікір алмасты. 

Бұдан бөлек Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға ихсан ілімінің маңызы жайында насихатын жеткізді.

Рухани кештің соңында Бас мүфти шәкірттерге бүгін ғана тағайындалған Діни басқарманың Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбаевты таныстырып, оған шәкірттермен тығыз байланыс орнатып, қажет болса мүфтият түрлі бағытта қолдау көрсетуге даяр екенін жеткізді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру