Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ПАВЛОДАРДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.11.2021 2436 0 пікір
БАС МҮФТИ ПАВЛОДАРДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәшһүр Жүсіп мешітінде Қайырымдылық дүкенінің ашылуына қатысты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жеті бағыт бойынша атқарып келе жатқан жұмыстарының бірі – қайырымдылық. Ислам діні мұсылманды адамзат баласына, барша тіршілік иесіне мейірімді, қайырымды болуға үндейді. Мешіттегі қайырымдылық іс-шаралар адамдар арасындағы бауырмашылдықты арттыра түседі. Осы орайда мешіттер жанынан ашылған қайырымдылық дүкендері қажетті затты беруші мен алушы жандардың арасындағы мейірімділікті нығайтады деп сенемін. Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматқа разы болсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық дүкенінде күнделікті тұрмысқа қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, киім-кешектер бар. Мұқтаж азаматтар қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті киім-кешек пен азық-түлікті тегін алады. Қайырымдылық дүкеніне киім-кешек пен азық-түлік өткізуге болады.    

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру