Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАИБ МҮФТИ БАТЫР БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.11.2021 2380 0 пікір
НАИБ МҮФТИ БАТЫР БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеу облысы Волоколамск қаласында аты аңызға айналған 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясының Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерен ерлігінің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Ресейге ресми сапармен барған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, батыр бабалар рухына Құран бағыштап, тағзым етті.

«1941 жыл­дың 16 қарашасындағы Дубо­секово разъезі түбінде қазақстандық 28 панфиловшы батырлар Мәскеуге кіруге тырысқан неміс танктері колоннасын жеңіп, ұрыс-даласында жеңіске жеткен болатын.

Құранның «Әли Имран» сүресінің 169-аятында «Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама! Керісінше олар тірі әрі Раббыларының дәргейінде ризық-несібеге бөлінуде» делінген. Қан майданда елім-жерім, ұрпағым деп жауға қарсы шайқасып, шейіт болған бабаларымызды Алла Тағала рақымына алып, жандарын жәннаттан еткей!» деді Ершат Оңғар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру