Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.11.2021 3005 0 пікір
БАС МҮФТИ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлымен кездесті.

Өңір басшысы Кереку өңіріне келген Бас мүфти бастаған делегация жұмысына табыс тіледі.

«Қазір Павлодар облысында 98 мешітіміз бен 8 намазхана бар. Бұл өңірде 150 дін қызметкері жұмыс істейді. Павлодар облысындағы діни ахуалды жақсарту, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыру – біздің басты назарымызда» деді Бас мүфти.

Кездесуде ҚМДБ Төрағасы мен облыс әкімі дін қызметкерлерінің білімін арттыру, жастар арасында діни ағартушылық іс-шараларды жүргізу, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау жұмыстары бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әбілқайыр Бақтыбайұлына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартып, қоғамға Ихсан ілімін, Исабек ишанның, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұраларын насихаттаудың маңызын атап өтті.

Басқосу соңында тараптар тәуелсіздігіміздің 30 жылдық, Мәшһүр Жүсіп мешітінің 20 жылдық мерейтойы аясында бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру