Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ИСАБЕК ИШАН КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.11.2021 3757 0 пікір
БАС МҮФТИ ИСАБЕК ИШАН КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарын Ақкөл ауылындағы Исабек ишан кесенесін зиярат етуден бастады.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері ишандар рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Наурызбай қажы Тағанұлы Құран хатым дұғасын жасап, дін қайраткерлерінің рухына бағыштады. Сонымен қатар еліміз бен жеріміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Айта кетсек, Мұрат ишанның ұлы Исабек ишан ХІХ ғасырда Ислам дінін алғаш таратушылардың бірі, философ, ағартушы, белгілі ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы болған.

Хазірет Исабек ишан Ақкөл-Жайылмада медресе ашып, мешіт тұрғызған.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру