Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТЕН ТЫС ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.11.2021 4415 0 пікір
БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТЕН ТЫС ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліске наиб мүфтилер, бөлім меңгерушілері, облыс және республикалық маңызы бар қалалардың бас имамдары қатысты.

Жиында негізгі үш мәселе қаралды. Олар – осы айда елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтетін халықаралық конференция, желтоқсан айына жоспарланған ҚМДБ-ның жылды қорытындылау Төралқа мәжілісі және елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен келіп түскен ұсыныс.

«Егемендік алғанымызға 30 жыл толуына орай ұйымдастырғалы отырған ауқымды конференцияға Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Башқұртстан, сондай-ақ Моңғолия мемлекеттерінің мүфтилері, отандық дін ғалымдары мен имамдар қатысады. Қазіргі кезде конференцияның арнайы жұмыс тобы құрылып, дайындығын пысықтауда. Алла Тағала іргелі жиынымыздың сәтті өтуін нәсіп етсін» деді Бас мүфти.

Аталған конференция бағдарламасы мен дайындығы жөнінде Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков баяндаса, жылды қорытындылау Төралқа мәжілісі жайында Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы баяндама жасады.

Сондай-ақ Төралқа мәжілісінде елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінің ұсынысы талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталмақ.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру