Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.11.2021 2879 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан мұсылмандары басқармасының «Мир-Араб» медресесінің 500 жылдығына орай ұйымдастырған халықаралық ғылыми онлайн конференцияға қатысты.

«Мир-Араб медресесінің негізі қаланғанына 500 жыл: кеше және бүгін» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда Бас мүфти арнайы баяндама жасады.  

«Ислам тарихымен байланысты Бұхара қаласы бүкіл әлем мұсылмандарына мәлім, оның ежелгі және бай тарихы кім-кімді болмасын тамсандырмай қоймайды.

Бұл шаһарда көптеген материалдық мәдениет ескерткіштері, мешіттер, медреселер, кесенелер сақталған. Ислам мәдениетінің орталығында сол кездегі ең үлкен және ең қолайлы оқу орындары болған. Дәл осы медреселерден мұсылмандық дін ғылымының, поэзияның, мәдениеттің қайраткерлері шықты.

Исламның сондай ғылыми орталықтарының бірі – «Мир Араб» медресесі. Бұл бірнеше ғасырлар бойы мұсылман дін басшыларын дайындайтын бірден-бір орталық болған, аты аңызға айналған оқу орны. Атауы «арабтың меншігі» деген мағынаны білдіретін бұл оқу орны құрылған күннен бастап Мәуереннахрдағы Ислам әлемінің беделді жоғары оқу орындарының бірі ретінде танылды. Бұл медресе – Бұхараның айрықша нысандарының бірі және бүгінгі күнге дейін имамдар мен діни тәлімгерлер оқитын бірегей орда болып қала бермек» деді Бас мүфти. 

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы Өзбекстан мүфтиі Нуриддин Холикназаровқа алғысын білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, халықаралық ғылыми онлайн конференцияға Қазақстан мен Өзбекстан мүфтилерінен бөлек, Тәжікстан, Қырғызстан мен Шешенстан мүфтилері, сондай-ақ ұйымдастырушы елдің мешіт-медресе ұстаздары қатысып, ұсыныс, ой-пікірлер талқыға түсті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру