Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ҚАЗА ТАПҚАН КЕНШІЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 08.11.2021 2890 0 пікір

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының «Абай» шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

«Қарағанды облысындағы болған қайғылы жағдайды ауыр қабылдадым. «Абай» шахтасында болған метан газының жарылуы салдарынан қаншама отбасы қара жамылды. Жарылыс салдарынан қарапайым жұмысшылар – шахтерлер қаза тапты.

Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан жарылыстан дүние салған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сондай-ақ жарылыстан зардап шеккен, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Жаратқан жар болсын!» делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 7 қараша күні таңда «Абай» шахтасында метан газы жарылды. Бұл уақытта шахтада 64 адам жұмыс істеп жатқан. Оның 54-і эвакуацияланды. Апат салдарынан 6 кенші қаза тауып, 2 адам ауыр жарақат алды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру