Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ХАЛАЛ ДАМУ: АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

halaldamu.kz 05.11.2021 3200 0 пікір
ХАЛАЛ ДАМУ: АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының жетекшілігімен «Аккредиттеу және оның жолдары» тақырыбында жиын өтті.

Жиынға Ресей мұсылмандары діни басқармасы «Халал стандарттау және сертификаттау» орталығы директорының орынбасары Самат Қаленбекұлы мен «Халал Даму» мамандары қатысты.

Басқосуда «Жол картасы» бағдарламасында көрсетілген Елбасы тапсырмасы бойынша отандық ауылшаруашылық өнімдерін «халал» таңбасымен Парсы шығанағы елдеріне тасымалдау және сату үшін «Халал Даму» мекемесін Ұлтттық аккредиттеу орталығы мен халықаралық «ESMA» ұйымынан аккредиттеуден өткізу, әлемдік талаптарға сәйкес құжаттандыру шараларын жүйелендіру мәселелері талқыланды.

«Екі ел арасындағы әріптестікті нығайтып, өзара тәжірибе алмасуда мұндай басқосулар таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз. Қандас бауырларыңыз бен жергілікті мұсылмандардың, күллі қазақ халқының адал ас тұтынуына алаңдатушылық танытып, халықаралық халал стандарттау және сертификаттау саласындағы көп жылдық кәсіби тәжірибеңізді бөлісіп, ғылыми-практикалық бағыт-бағдар бергеніңізге шексіз алғысымызды айтамыз» деген Айбек Асқарбекұлы ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді.

Жиын барысында Самат Қаленбекұлы БАӘ, Түркия, Малайзия және сингапурлық халықаралық ұйымдардан халал стандарты бойынша аккредиттеуден өтуге қатысты тың ақпараттарды бөлісіп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру