Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЕЛІМІЗДІҢ ШЫҒЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 03.11.2021 2552 0 пікір
ЕЛІМІЗДІҢ ШЫҒЫСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Мәуліт айы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Аршаты ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі құлшылық ордаларының қатары тағы бір ғимаратпен толықты.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, Өскемен аймағы бас имамы Ермек Қасболатұлы, сондай-ақ Қатонқарағай ауданының әкімі Д.Қалихан мен өңірге белгілі ақсақалдар, жамағат қатысты.

Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы: «Мәуліт айында Алтай баурайында жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Шығыс өңірі үшін бұл – үлкен қуаныш. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Құлшылық ордасын салған азаматтарға Алла Тағала разы болсын. Бұл – аса зор сауапты іс» дей келе, жиналған халықты Мәуліт айымен құттықтап, жаңа мешітті ашты.

Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Сонымен қатар дін қайраткері Шыңғыс қажы арнайы қатысып, Аршаты жұртына өзінің ізгі тілегін білдірсе, танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев жырдан шашу шашты. Аршаты ауылы атынан  мешіт салған кәсіпкер Талғат Серменовке ат мінгізіп, жамағат алғысын білдірді.

Аршаты ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Аршаты ауылы Қазақстанның ең шеткі нүктесі болуымен ерекшеленетінін атай кеткен жөн.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру