Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.11.2021 1811 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім жолындағы дінаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Онлайн форматта өткен жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, баяндама жасады.

«Қасиетті Құранда бейбітшілік мағынасын білдіретін «сәлем» сөзі көптеген аятта кездеседі. Өйткені Құран ынтымақ пен бейбітшілікті баса назарда насихаттайды.

Шынайы мұсылман қоғамын мұсылмандар арасындағы өзара бауырмашылдық сезімінсіз суреттеу мүмкін емес. Мұндай сезімдегі бауырлар ағаштың бұтақтары іспеттес саны көбейген сайын қуаттала түседі. Бұтағы көп мықты ағашқа қатты жел әсер ете алмағандай ауызбіршілігі, бауырмашылдығы мығым елге ешқандай қара пиғылды күштер әсер ете алмайды. Әлбетте бұл ағаштың қажетті жеміс беруі имандылыққа тікелей байланысты, Алла Тағала Құран Кәрімде «Хужурат сүресі», 10-аятында: «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр» дейді.

Бауырмашылдық – Алла тағаланың адам баласына берген бұл  ұлы нығметі  иманнан кейінгі қасиетті ұғым.

Қазіргі таңда Қазақстанда 130 астам этностық және 18 конфессионалдық топ өкілдері тұрады. Елімізде олардың бейбіт өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Көпэтносты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан жаhандық конфессияаралық үнқатысу орталығы болып саналады» деді Ершат Ағыбайұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру